КҮЗ

lat: KÚZ /103/

зат. 1 . Жаздан кейінгі жыл мезгілі .

Тауға келсең, қыста емес,

Күзде келгін!

Қарсы алдыңнан табылар іздегенің,

Жапырақтың көресің әлі дағы,

Тіршіліктен күдерін үзбегенің

Ойландырар шақ қой бір күз дегенің (2,142).

Жаз болса, жорға мініп жайтақтаған,

Күз болса, қойшы жаны жәй таппаған.

Отырған іркес-тіркес қойлы ауылдан

Қым-қиғаш үн шығады айтақтаған (1,296).

2 ауыс.Адамның егде тартқан шағы .

Ойландырар күз деген кіші бесін,

Күн төбенің ауғанын түсінесің.

Ескі жұртты көргенде жайлаудағы, 

Құлын да жоқ желіде байлаудағы,

Шыдап баққын, бір сәтке мүсірерсің!

Жазыңды еске жабығып түсірерсің (2,142).

Жаз едім кеше, Айналып күзге барам ба?!

Жалын жоқ,

От жоқ жасыған мынау жанарда.

Ауытқып кетті аймалап тұрған самал да,

Кеулеп тұр міне,

Дауыл ма әлде боран ба? (3,160).